10.04.2026
17:00
132
Жаңалықтар

Нұрлан Сабыровқа тағы бір ел шектеу қойды

Молдова билігі бірқатар әртістердің ел аумағында өнер көрсетуіне шектеу қоюы мүмкін. Тізімде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та бар. 

Молдованың Мәдениет министрлігі концерт ұйымдастырушыларына Сабыровпен қатар ресейлік әртістер Олег Винник пен Диана Арбенинаны іс-шараға шақырмауға бұйырды. Ведомство олардың қатысуымен өтетін іс-шараларды қазіргі жағдайда «орынсыз» деп бағалаған.

Ресми мәлімдемеде ұйымдастырушыларға келісімшарттарды қайта қарау немесе бұзу ұсынылған. Аталған әртістердің елге кіре алмауы салдарынан концерттер өтпей қалуы мүмкін екенін ескерткен.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа қатысты басқа елдерде де шектеу туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оның әрекеттеріне байланысты Қазақстанда да тиісті органдар тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған.