Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі қашан шешілетінін айтты

2 Маусым 2023, 15:31 870

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде ауыз су тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өңір басшысы бұл мәселе 2025 жылға қарай шешілетінін алға тартты.

МАЭК-те салынатын тәулігіне 24 мың текше метр қондырғылар, Кендірлідегі 50 мың текше метр, Форт-Шевченкодағы 5 мың текше метр, Ақшұқырдың жанындағы 20 мың текше метр, Каспий су тұшыту заутындағы қосымша 20 мың текше метр беретін және Каспий су тұшыту зауытының қасындағы алаңда қосымша 60 мың текше метр су дайындайтын нысандарды және күнделікті қабылданып жатқан нысандардың өзінің жобалық қуатына шығуын қамтамасыз еткенде ауыз су мәселелері толығымен шешіледі. Қазір бұл жобалардың барлығы қаражатпен қамтылып, жүзеге асырылуда, – деп нақтылады әкім.

Облыс басшысының сөзіне қарағанда, мамыр-қыркүйек айларында су жетіспеушілігі қатты байқалады. Дегенмен бұл жайттың да шешімін табу үшін бірқатар шаруа атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр суды дайындайтын жаңа қондырғы іске қосылған болатын,  биыл соның 10 мың текше метрін Бейнеу ауданындағы Жетібай елді мекенінде және Жаңаөзен қаласындағы тұрғындарға бөліп беріп отырмыз. Оның сыртында, Ақтау қаласында қуаты 20 мың текше метр Каспий су тұщыту нысаны бар, биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 мың текше метрі іске қосылды, – деді Н.Ноғаев.

Жылдың аяғына дейін өңірде қосымша 15 мың текше метр су қондырғыларын іске қосу жоспарланған.

Алмас Абылай
Бөлісу: