Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа берілді

26 Желтоқсан 2022, 09:41 938

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды EL.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

EL.KZ
Бөлісу: