Нұрлан Мәсімов сотта шекара бұзғанын мойындады

27 Мамыр 2023, 10:46 935

Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы болған Нұрлан Мәсімов сот отырысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Нұрлан Мәсімовтің ісі қаралып жатыр. Сот барысында Н.Мәсімов шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындап, қажеттіліктен соң осындай қадамға барғанын жеткізді. Оның сотта айтқан жауаптарын БАҚ өкілдеірне аыпталушының қорғаушысы Дмитрий Куряченко растады.

Өткен жылдың басында қызметінен босатылған Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған еді. Бұрынғы полицейге қатысты баптардың санкциясы бойынша жеке мүлкі толық тәркіленіп, лауазымды қызметтерді атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Нұрлан Мәсімовке "Аса ірі мөлшерде пара алу", "Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру", "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту" деген үш бап бойынша айып тағылған. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: