Нұрлан имам Вашингтондағы қайырымдылық асында бой көрсетті

2 Ақпан, 13:19 1751

Елге есімі белгілі Нұрлан имам Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен өтіп жатқан Ақ үйдегі қайырымдылық асына қатысып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жиынға басқа да елдердің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырту алған. Барлығы 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.

Біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президент істеп жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз, – деген еді Нұрлан имам.

Қазақстандық кәсіпкерлер бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ сапармен кетіп бара жатқан имамға ізет көрсеткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: