Нұрлан Еспановтың ұлы бейәдеп әңгімесімен желіні шулатты

19 Ақпан, 17:00 7338

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның бейәдеп әңгімесі әлеуметтік желіде таралып кетті. Онда ол жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі  «Қателеспейтін адам жоқ, періште емес қой», «Әлі жас, ақыл тоқтатсын» деп қолдау білдіріп жатса, кейбірі «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарындастарыңа осылай жазса қалай қарайсың?» деп сөгіп жатыр.

Айта кетейік, Олжас Еспанов өзінің басынан өткерген оқиғасын арқау етіп, «Ол – жас махаббат» кітабын жарыққа шығарған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: