Нұрлан Байбазаров авто және темір жол құрылысы туралы айтты

24 Маусым, 10:22 1592

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында биыл бұған дейін басталған жолдардың құрылысы аяқталатынын хабарлады, деп жазды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың қатарында Талдықорған – Өскемен трассасы, Астана-Алматы жолын реконструкциялау, Балқаш маңындағы және батыс өңіріндегі кейбір жолдарды қайта жаңарту және салу жобалары бар.

Достық – Мойынты, Алматы қаласының айналма жолы, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз темір жолдарының құрылысы жалғасуда. Аталған жобалар өткен жылы басталған болатын. Бұл жобалардың барлығы еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға және Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын бекітуге бағытталған. Осы жобалардың барлығын іске асыру, әрине, Орта дәлізді дамытуға ықпал етеді, — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» жүйесіндегі негізгі құралдар белсенді түрде жаңартылып, жаңа жүк вагондары сатып алынуда. Бұл жұмысқа отандық өндіріс қуаты тартылған.

Біз осы саладағы зауыттарымызға тапсырыс береміз. Мұның барлығы көлік-транзит әлеуетін дамытуға бағытталған, — деп атап өтті вице-премьер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: