27.04.2025
01:15
1387
Нурила Тұрысбекова әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Нурила Тұрысбекова әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Ат спортынан әлем кубогының кезеңінде (CSI 1*W) отандасымыз Нурила Тұрысбекова күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы қызымыз N3 бағдарында (бөренелер биіктігі 130 см) Nagano B атты жылқымен жүріп өтті.

Айта кетейік, ат спортынан әлем кубогы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр.