Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс-шараға мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ә.Жүдебаев қатысты.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Арман Әділханұлы барлық қатысушыларды құттықтап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының қазылар алқасының шешімімен:
1. Сағымбаев Әбілқайыр Бейбітұлы – Гран-При (Қарағанды қаласы)
2. Бейсеков Әбілқайырхан Серікбайұлы – І орын (Алматы қаласы)
3. Өмірзақов Мәди Жұмағалиұлы – ІІ орын (Шымкент қаласы)
4. Есбергенов Медет Ануарбекұлы – ІІІ орын (Талдықорған қаласы)
5. Бекболат Әбдіберікұлы – ІІІ орын (Алматы қаласы)
6. Мейірбеков Жамбыл Берікбайұлы – диплом (Шымкент қаласы)
7. Мұқанова Мирует Талапқызы – диплом (Алматы қаласы )
8. Мұхтар Сәтқозы Оразалыұлы – «Н.Тілендиевтің шығармасын үздік орындағаны үшін» диплом (Алматы қаласы)
9. Сали Алия Нұрланкызы – «Ынталандыру» сыйлығымен (Астана қаласы) марапатталды.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева мен дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков бастаған барлық конкурс жеңімпаздарының гала-концертіне ұласты.