Нұрбол Сүлейменов Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысты пікір білдірді

1 Мамыр, 11:21 745

10-12 мамыр күндері Астанада дзюдодан рейтингілік Grand Slam турнирі өтеді. Аталған жарыс қарсаңында бас бапкер Нұрбол Сүлейменов пікірін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшылар бабында. Дайындық ойдағыдай өтті. Азия чемпионатынан кейін команда тынығып үлгерді. Енді 3 мамыр күні Астананы бетке аламыз. Жарыс басталғанға дейінгі дайындық елордада жалғасады, - деді Сүлейменов. 

Айта кетелік, Астанадағы Grand Slam турнирі Олимпиада қарсаңында рейтингілік ұпай беретін соңғы үш жарыстың бірі саналады. 

Аталған турнирге қатысатын қазақстандық дзюдошылар тізімін мынадай: 

Ерлер: 

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді; 

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов; 

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев; 

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: