Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалға дейін жетті. Нұрбек Оралбай 1/4 финалда өзбекстандық Джавохир Умматалиевке жол берді. Есеп - 5:0.
Еске салсақ, біз бұған дейін әлем біріншілігінде Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан ширек финалдағы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алғаны туралы жаздық.