Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады

Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төрешілер есебі: 3-2.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.

Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.