07.09.2025
17:26
751
Нұрбек Оралбай бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нұрбек Оралбай бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. 

Нұрбек алғашқы айналымда Матвей Ражбамен (Украина) өзара мықтыны анықтады. 

Отандасымыз бірінші раундтан-ақ тізгінді қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.