Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана Полиция департаменті экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Қазір тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен "Гастро-орталық" директоры ұсталғанын жазған едік. Оған қылмысты жасырды деген айып тағылып, 2 айға қамауға алынды
Осылайша, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты істе тағы екі іс – қылмыстық кодекстің 434-ші (қылмыс жайлы хабар бермеу) және 116-бабы 3-бөлігі (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қозғалған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді