NU Медицина мектебінде операция ісі мамандары бас қосты

19 Ақпан, 09:06 852

17 ақпанда Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде University Medical Center-дің ұйымдастыруымен «Операция ісі мамандарының IV Ұлттық симпозиумы» өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шара операциялық блокта жұмыс істеу тәжірибесі мен дағдыларымен алмасу, бірлескен пікірталастар және қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл алаңына айналды. Іс-шара халықаралық операциялық мейіргерлер күніне арналған дәстүрлі кездесу болды. Симпозиумға елордалық медицина ұйымдарынан және еліміздің басқа өңірлерінен 400-ге жуық астам маман қатысты.

Операциялық мейіргер мамандары пациенттерді емдеу мен күтуде маңызды рөл атқарады. Негізгі жұмыстарынан басқа, олар ғылыми жобаларға белсенді қатысады, конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлейді, тәжірибелерімен бөліседі және кәсіби дамуын жалғастырады. Мәселен, өткен жылы UMC мамандары Қазақстанда басқа медициналық ұйымдардың әріптестерімен оқу және кооперация үшін алғашқы операциялық мейіргерлер мектебін ашты.

Операциялық мейіргер - бірегей мамандық, себебі оларға бәрі де өз қызметін жүктей алады, бірақ операцичлық мейіргер өз қызметін басқа мамандарға жүктей алмайды. Бұл мамандық үнемі дамуды қажет етеді, сондықтан конференцияның әрбір қатысушысына жаңа білім, жемісті пікірталас пен табысты жұмыс тілеймін, - деп бөлісті University Medical Center Басқарма төрағасы Юрий Пя. 

Қатысушыларға 22 баяндама ұсынылды, олардың әрқайсысы жұмысты жақсарту бойынша сұрақтар мен жауаптардың, ұсыныстар мен түсініктемелердің белсенді сессиясымен сүйемелденді

UMC-мен бірге біз периоперациялық мейірбикелік тәжірибеде инновацияларды енгізуге ғана емес, сонымен қатар мейірбике ісі саласындағы мамандардың келесі буынын оқытуға және шабыттандыруға ұмтыламыз. Конференция барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі медбикелердің жұмыс жасау кезінде кездесетін негізгі қиындықтары мен мүмкіндіктері талқыланды. Осы істі ілгерлеті үшін NU бакалавриат мейірбикелік бағдарламалары бойынша мықты түлектерін шығаруға ұмтылады, - деді доктор Массимо Пиньятелли, медицина жөніндегі вице-президент – NU Медицина мектебінің деканы.

Конференция барысында спикерлер өз білімдерімен бөлісті, хирургиялық араласу саласында жаңа технологияларды талқылады, кішкентай пациенттерді операцияға дайындаудың ерекшеліктері және академиялық медициналық орталық жағдайында операция ісін дамыту мүмкіндіктері туралы айтты. Симпозиумға қатысушылар үшін операциялық мейірбике үстелін дұрыс дайындау, қан жоғалтуды өлшеу, пациентті операцияға дайындау және сайн-аут рәсімі бойынша симуляциялар жүргізілді. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары барысында қатысушылар негізгі жүрек-өкпе реанимациясын манекенде көрсету дағдыларын пысықтады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: