Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

30 Қыркүйек 2022, 15:30 2876

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.

29 қыркүйекте әншінің 20 жастағы Бекарыс Қожбановты ұрғаны және бейәдеп сөздер айтқаны әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды El.kz

«Күдікті Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері «бұзақылық» бойынша Кеген ауданының полиция бөлімінде тіркелді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдікті Талғар ауданының полициясында қамауда отыр.

Бөлісу: