20.11.2023
08:19
967
Новак Джокович Қорытынды турнирде жеңіске жетті

Новак Джокович Қорытынды турнирде жеңіске жетті

Сербиялық теннисші Новак Джокович ATP 2023 финалдық турнирінде италиялық Янник Синнерді жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Джокович италиялық теннисшіні 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды. Новак финалдық турнирді екінші маусым қатарынан жеңіп алды.

2022 жылы ол Каспер Рудты (2:0) жеңді.

Айта кетейік, Джокович өз мансабында 7-рет ATP финалында жеңіске жетті, бұл абсолютті рекорд.

Швейцариялық Роджер Федерердің атында осындай 6 атақ бар.