Новак Джокович Олимпиада чемпионы атанып, ерекше рекорд орнатты

5 Тамыз, 01:18 658

Сербиялық теннисші Новак Джокович (АТР-де 2-орында) ерлер арасында жекелей сында Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында Новак Джокович испаниялық Карлос Алькараспен (3-орын) кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңді — 7:6 (7:3), 7:6 (7:2). Осылайша Новак Джокович алтын медаль еншілеп, Карлос Алькарас күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жеңіс сербиялық теннисшінің ерекше рекорд орнатуына себеп болды. Новак Джокович «Мастерстен» бастап (40) «Үлкен дулыға» (24), Қорытынды (7) және Олимпиада секілді барлық ірі турнирде топ жарған тұңғыш теннисші атанды.

Зарина Арман
Бөлісу: