Новак Джокович АҚШ-та Лионель Мессимен кездесті

25 Тамыз 2023, 18:41 794

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ-та «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессимен және америкалық клубтың тең иесі Хорхе Маспен кездесті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Керемет түн, - деп жазды Мас өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Джокович харт төсеніште өткен Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінде жеңімпаз атанып, қазір АҚШ-тың Ашық біріншілігіне дайындалып жатыр.

US Open-нің алғашқы айналымында Джокович Франция өкілі Александр Мюллермен кездеседі.

US Open-нің ерлер арасындағы сыны 28 тамыз бен 10 қыркүйек арасында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: