Нора Джеруто Олимпиада жүлдесін иелене алмады

7 Тамыз, 00:30 567

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің іріктеу кезеңінде сынға түскен болатын.

15 спортшы бақ сынаған финалдық кезеңде жеңіл атлет Нора Джеруто мәреге 9:08:97 уақытта жетіп, 9-шы орынға табан тіреді.

Зарина Арман
Бөлісу: