Номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды қолдану мерзімі ұзартылды

11 Қараша, 22:41 328

Ұлттық банк номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңін ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сүйенсек, 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2025 жылдың 24 қыркүйегіне қолдануға болады.  

Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен "Қазпоштада" 3 жыл ішінде, ал Ұлттын банк филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды.

Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады,-делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Айта кетейік, заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: