25.10.2025
15:52
516
Нодира Ахмедова 18 жылдан кейін әлем чемпионатының қола медалін алды

Нодира Ахмедова 18 жылдан кейін әлем чемпионатының қола медалін алды

Таеквондошы Нодира Ахмедоваға 18 жылдан кейін әлем чемпионатының қола медалі бұйырды, деп жазады El.kz интернет порталы. 

Қазақстан араға 18 жыл салып әйелдер арасында таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Осыған дейін соңғы рет 2007 жылы Назгүл Тәжіқұлова алған болатын.

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынаған Нодира Ахмедова (-49 кг) жартылай финалда Лю Юй-юнге (Қытай Тайпэйі) жол беріп, қола медаль иеленді.