17.05.2023
10:43
1347
Николай Шкапоров есімді орыс ақсақалы әлеуметтік желілерде елді таң қалдырады

Николай Шкапоров есімді орыс ақсақалы әлеуметтік желілерде елді таң қалдырады

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында қазақ тілінде бата беретін орыс ақсақалы тұрады.

Николай Шкапоров қазақ тілінде 300-ге жуық мақал-мәтелді жатқа айтып, айналасын таңғалдырып жүреді.

 Ақсақал 77  жаста. Шалқар ауданының Көпмола станциясында туып-өскен. Оның ата-анасы 1930-жылдары Ресейдің Орынбор облысынан қоныс аударды.

«Ата-анам қазақ тілін білмеді, бірақ мен және менің алты бауырым тек сол тілде сөйлесіп өстік», - дейді зейнеткер.

Жақында тойда  Николай Иванович 300 адамға батасын берді, ал алғыс ретінде иелері оған шапан жапты.

Оптимист ақсақал белсенді өмір салтын ұстанады, азын-аулақ мал ұстап, бақшасына күтім жасайды.

Қазір ақсақал өз білімін немересі Викторияға үйретіп жүр. Немересі қазақ тілін жақсы біледі, конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.