Никола Пашинян: Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды

18 Сәуір 2023, 16:33 1662

Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды. Бұл туралы Премьер-Министр Никол Пашинян Парламентте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен қазір Армения Республикасы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайтынын, тиісінше Әзербайжан мемлекеті де Армян КСР-нің бүкіл аумағын Армения Республикасы ретінде мойындайды деп күтетінімді растағым келеді, - деді Пашинян.

Оның айтуынша, егер екі ел де бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындаса және бір-біріне аумақтық талаптар қоймауға міндеттесе, Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбіт келісім шындыққа айналады.

Айта кетейік, 12 сәуірде Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыстар болған еді.

EL.KZ
Бөлісу: