Никита Михайлис «Барыс» сапынан кетті

30 Мамыр 2023, 17:45 714

Астананың «Барыс» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлистің клубтан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 жыл, 411 ойын, 99 гол мен 122 нәтижелі пастан кейін шабуылшы Никита Михайлис «Барыстан» кетті, - делінген мәліметте.

Михайлис Магнитогорскінің «Металлург» сапын толықтырды. Өткен маусымда хоккейші 58 матчта 41 (15+26) ұпай еншіледі.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Металлургте» бір маусымда шамамен 55 миллион рубль (303,47 млн теңге) алады деген ақпарат тарады. Ол жаңа клубпен еркін агент ретінде бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

Михайлис спорттық мансабында тек «Барыс» сапында өнер көрсеткен. Елорда клубындағы дебюті 2014/15 маусымда болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: