Никаб киген ер адам 15 күнге қамауға алынды

24 Маусым, 16:24 634

Өзбекстанда никаб киген азамат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ташкентте никаб кигені үшін ұсталған 22 жастағы жігіт жауапқа тартылды.

Шайхантаһүр аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты оны Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 184−4 (жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін нысанда қоғамдық орындарда болу) және 195 (ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру) баптары бойынша кінәлі деп таныды.Оған 10 базалық есептік шама (шамамен 130 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, Ташкент облысы Букин ауданының тұрғынын жүріс-тұрысымен күдік тудырғаны үшін полиция қызметкерлері ұстаған болатын.

Никаб пен паранджа секілді бет-жүзін жауып жүретін әйелдер киіміне исламды ұстанатын бірқатар елде заңды түрде тыйым салынған. Атап айтқанда, мұндай шектеулер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Индонезияда, Египетте және Тунисте бар.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: