518.07
595.21
6.37

Нигерияда ұрланған 300-ден астам оқушы құтқарылды

©Pixabay.com
24 Наурыз 2024, 16:12 1033

Наурыз айының басында Нигерияда ұрланған 300-ге жуық оқушы босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Курига мектебінің оқушылары аман-есен босатылды, - деп мәлімдеді Кадуна штатының губернаторы Уба Сани.

Сани балалардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеген Нигерия президентіне алғыс айтты.

Естеріңізде болса, 7 наурызда мотоцикл мінген қарулы қарақшылар 300-ден астам оқушыны мектептен ұрлап кеткен.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: