30.06.2024
19:12
825
Нигерияда бірнеше жойқын жарылыс болды

Нигерияда бірнеше жойқын жарылыс болды

Нигериядағы жарылыстардан кем дегенде 18 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болғандар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар. Жергілікті билік тағы 50-ге жуық адам жарақат алғанын растады.

Елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында үш жарылыс болды. Біріншісі үйлену тойы кезінде болған, екіншісі - ауруханада, ал үшіншісі жерлеу рәсімінде болған.

Жергілікті билік өкілдері жарылысты жанкешті әйелдер жасағанын айтуда.