Нидерландта мас күйде көлік айдаған «Борис Джонсон» ұсталды

2 Мамыр 2023, 06:14 742

Полицияның қолына түскен ер адам украин үлгісіндегі жалған жүргізуші куәлігін көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нидерландта полиция Борис Джонсонның аты жазылған жүргізуші куәлігі бар мас жүргізушіні ұстады.

Бағанаға соғылған 35 жастағы Зюйдхорн тұрғынын ұстағанда, полиция оның мас екендігін анықтаған.

Тәртіп сақшылары оның жүргізуші куәлігін тексергенде тіпті таңғалған. Себебі украин үлгісіндегі куәлік Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонның атына берілген деп көрсетілген.

Ер адамның жалған жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз. Құжат тәркіленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: