Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық үкімет кеңсесінде премьер-министрге отандық цифрлық шешімдерді іске асыру барысы көрсетілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Әлеуметтік әмиян», «ОТӨ тізілімі», «Онлайн-нотариус» жобаларын, азаматтар өтініштерін жүйелеуге арналған e-Otinish платформасын және басқа да жобаларды таныстырды.
Олжас Бектенов экономиканы ынталандыру үшін цифрлық орта құрудың маңызды екенін баса айтты. Озық елдердің барлығы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға жаппай инвестиция салып, өз стратегияларын жасауда. Цифрлық технологиялар бізде қазірдің өзінде өнеркәсіп, экология, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және құқықтық қолдау, салық секторы мен бизнес-ортада белсенді қолданылып келеді.
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық трансформация экономика мен қоғамдық өмірдегі жаһандық өзгерістерге жәрдем беруге тиіс екенін атап өтті. Нейрондық желілер арқылы біз тәуекелдерді және төтенше жағдайларды болжап, олардың алдын аламыз. Сондай-ақ проактивті түрде әрекет етуге мүмкіндігіміз бар. Цифрлық трансформация кезінде жаңа цифрлық шешімдерді интеграциялау жұмысын жүргізуіміз керек.
Бұл жұмыстардың барлығы Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында жалғасады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.