«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына - 30 жыл

9 Тамыз 2019, 14:47 4745

Семей қаласындағы Достық үйінде Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған «Біз ядролық қарусыз әлемді қолдаймыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 


Жиналғандар бүкіл әлемде, соның ішінде Хиросима мен Нагасакидегі ядролық жарылыстар кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандарды еске алды.

Дөңгелек үстелге қоғамдық ұйымдар, СМУ КЕАҚ, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, оқиғаның куәгерлері қатысты. «Семейдің жаңа тарихын құжаттау орталығы» көрме ұйымдастырып, дөңгелек үстелге қатысушылар назарына деректі фильм ұсынылды.

Бөлісу: