Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі АҚШ экс-президенті Дональд Трампқа бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын табыстау идеясын қолдады, дееп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Израиль премьерінің X әлеуметтік желісіндегі ресми ағылшынша парақшасында мынадай жазба жарияланған:
Дональд Трампқа Нобельдің бейбітшілік сыйлығын беріңдер - ол лайық!
Постқа фотоколлаж қоса тіркелген. Онда жеңімпаз бейнесіндегі Трампты қол шапалақтап тұрған жақтастары қоршап тұр.
Трамптың мойнында үлкен алтын медаль бар — онда «Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы» деп жазылған.