Әр адамның өмірінде қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Мұндай кезде несие төлемін уақытында өтеу қиынға соғады. Егер несиені кешіктіріп алсаңыз, қандай қадам жасаған дұрыс? El.kz интернет порталы осындай жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын және банкпен тиімді келіссөз жүргізу тәсілдерін ұсынады.
Қай кезде қайта несиені құрылымдауға болады?
Қарызды қайта құрылымдау – несие шартының кейбір талаптарын өзгерту арқылы қаржылық жүктемені жеңілдету тәсілі. Бұл – төлем мерзімін ұзарту, пайыздық мөлшерлемені төмендету немесе төлемдерді уақытша тоқтата тұру сынды өзгерістерді білдіреді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, банк несиені қайта құрылымдау туралы өтінішті мынадай объективті себептер болған жағдайда қарайды:
Ең бастысы – мәселені ушықтырмай, банкке мүмкіндігінше ертерек жүгіну. Бұл – айыппұлдар мен өсімпұлдардан, несие тарихының бұзылуынан және сот арқылы өндіру тәуекелінен сақтайды.
Қайта құрылымдауға өтінішті қалай береді?
Өтінішті банк бөлімшесіне барып, мобильді қосымша арқылы немесе электрондық пошта арқылы жолдауға болады. Заң бойынша өтінішті төлемді кешіктірген күннен бастап 30 күн ішінде берген жөн. Бірақ сот шешімі шықпаған болса, бұл мерзім өткен соң да қаралуы мүмкін.
Өтінішке қаржылық қиындықты растайтын құжаттарды қоса тіркеу қажет. Мәселен, жұмыстан босату туралы бұйрық, медициналық анықтамалар, табыстың төмендегенін көрсететін құжаттар немесе баланың туу туралы куәлігі. Бұл тізім толық емес – банк қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратуы мүмкін.
Өтініш тапсырылған соң, банк 15 жұмыс күні ішінде шешім шығарады. Ол – кейінге шегеру, балама шарт ұсыну немесе бас тарту болуы мүмкін.
Егер банк өтінішті қабылдамаса не істеу керек?
Банк қайта құрылымдаудан бас тартса, келесі әрекеттерді қарастырыңыз:
Қайта құрылымдау қандай жолмен жүзеге асады?
Банк келесі жеңілдік түрлерін ұсынуы мүмкін:
Банктердегі «қара тізімнен» қалай шығуға болады?
Кейде адам несиесін уақытында төлей алмағандықтан, оның аты банктердегі «қара тізімге» – яғни, несие бюросының теріс тізіміне еніп кетеді. Бұл – болашақта қайта несие алу мүмкіндігін шектейтін үлкен кедергі. Дегенмен, бұл тізімнен шығуға болады. Ол үшін төмендегі кеңестерді орындау қажет.
Несие тарихыңызды тексеріңіз
Қазақстанда несие тарихы екі негізгі бюро арқылы бақыланады:
Осы сайттар арқылы жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізіп, өз несие тарихыңызды тексеріңіз. Қара тізімде бар-жоғыңыз туралы нақты ақпарат аласыз.
Қарыздарды толық өтеу
Мерзімі өтіп кеткен барлық қарыздарды тез арада өтеу қажет. Кейбір банктер бөліп төлеу немесе қайта құрылымдау арқылы жеңілдік жасауы мүмкін. Қандай жолды таңдасаңыз да – ең бастысы, қарыз жабылуы керек.
Қарыздың өтелгені туралы анықтама алу
Қарыз толық өтелгеннен кейін банкке барып, қарыздың жабылғанын растайтын ресми анықтама алыңыз. Бұл құжат сіздің қарызыңыз жоқ екенін дәлелдейтін маңызды құжат болып саналады.
Несие тарихын жаңарту
Банк берген анықтамамен бірге несие бюросына жүгініп, өз тарихыңызды жаңартуды сұраңыз. Егер тарихта қате немесе ескі ақпараттар көрсетілсе, банкке түзету туралы хат жаздыртып, оны да бюроға тапсыру керек.
Қарыздарыңызды жапқан соң, шағын несие немесе кредит картасын алып, оны ай сайын уақытында төлеп отырыңыз. Бұл – несие тарихын біртіндеп жақсартудың ең тиімді жолы.
Банктермен байланыста болыңыз
Кейбір банктер сіздің ескі қарызыңызды өтегеніңізді және белгілі бір уақыт өткенін ескере отырып, жаңа несиені қарастыруға дайын болады. Мұндай жағдайда банкке ресми өтініш жазып, жағдайыңызды қайта қарауды сұрай аласыз.
Қара тізімдегі ақпараттар, әдетте, бес жыл бойы сақталады. Егер осы мерзім ішінде жаңа қарыз алмай, тәртіп бұзбасаңыз – жүйе сізді автоматты түрде жақсы тұтынушы ретінде қабылдай бастайды.
Айта кетейік, бұған дейін ақшаны өміріңізге тартудың оңай әрі тиімді жолдары жайлы жазған едік.