Негізгі капиталға 6 872 млрд теңге инвестиция салынды

27 Тамыз 2022, 13:49 1345

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%- ға артық

2022 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 872 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы республиканың 16 өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім Шымкент және Алматы қалаларында (1,2 есе). Бұл ретте негізгі капиталға инвестициялардың азаюы республиканың 4 өңірінде байқалды – Абай (12,9%-ға), Ұлытау (35,3%-ға), Қарағанды (1,9%-ға) және Атырау (5,9%-ға) облыстарында. 

Кейбір салалардың негізгі капиталына салынған инвестициялар: өнеркәсіп - 3 493 млрд тг, көлік және қойма - 593 млрд тг,  ауыл, орман және балық шаруашылығы - 388 млрд тг, құрылыс - 88 млрд тг, өнер, ойын-сауық және демалыс - 73 млрд тг.

Бөлісу: