Небәрі 31 жаста: қазақстандық пара таеквондошы көз жұмды

2 Қазан, 11:53 7962

Пара таеквондодан ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлы өмірден озды. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының Facebook желісіндегі ресми парақшасына хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Нышанның артында жары мен үш баласы қалды. Ағайын, туған-туыстары мен барша жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - делінген орталық таратқан мәліметте.

Нышан Өмірәлі 1993 жылғы 11 мамырда Жамбыл облысында туған. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері. Токио-2020 және Париж 2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы.

Нышан Өмірәлі Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, қола медаль үшін де бәсекеде сынға түскен еді. Пара таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша Иран өкілі Хагшенас Хамедпен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 14:16 есебімен есе жіберген болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: