«Не қылған жігіт ол?». Депутат қыз алып қашатын жігіттерді сынады

Кеше, 13:09 398

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қызды баса-көктеп алып қашып кететіндерді сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңбыршин қыздың көңілінен шығып, жүрегін жауладың орнына қылмыс жасайтын жігіттерді түсінбейтінін тілге тиек етті. Бұл туралы ол «Мәдениет туралы» туралы заң жобасын талқылау кезінде айтты.

Қызбен келіспей, сөз байласпай, көшеден салып алып әкетеді. Ол тауар емес, адам ғой. Оның тағдырына әсер етеді. Бұл заңның аясында қаралатын нәрсе емес шығар. Бірақ президент Парламент төрінде қоғамдағы кез келген мәселе талқылануы керекттігін айтты. Жігіттерді түсінбеймін: қыз құлағымен, жігіт көзімен сүйеді. Қыздың көңілін таба алмайтын жігіт – не қылған жігіт ол? Көшеге барып, қызды бүктеп салып алу деген не? Біз дамыған қоғамда, жетілген қоғамда өмір сүрсек, мәдениетті жағдайға әкелу керек. Басқа ұлттың біреуі олай жасамайды. Жасап жүрген өзіміз. Еуропада, Ресейде оны естідіңіз бе? Үш қызым бар. Бәрінің алдынан өтіп, сөз байласып, құда түсіп алғанды бәріміз жақсы көреміз. Ал бұл қоғамдағы үлкен дерт, – дейді ол.

Мәжілісмен алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін баса айтты. Ол бұған қарсы болып жүрген мемлекеттік орган өкілдерін де сынады.

Олар қолдап отыр. Балабақшадан бастап санаға сіңіреді. Қызды сыйлау, құрметтеу керек. Ол болашақ ана. Егер оны қорғамасақ, мемлекеттің болашағы да жоқ. Бүл күлетін жайт емес, ойыншық емес. Мемлекеттің қауіпсіздігі болуы керек. Қазақ қазақ болып отырғаны сол қыздарды, аналарды қорғай алғанынан. Оларды жесір етпей, жетімсіретпеу керек. Қазақ жігіттеріне ойланатын уақыт келді. Сіздер қор болып жүрген қыздарды қорғаңдар, қорламаңдар, – дейді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: