Үндістан тарихындағы екінші әйел президент

23 Шілде 2022, 05:38 2915

Мурму 64 жаста.

Үндістан Ұлттық-демократиялық альянсы елдің жаңа президенті деп Үндістан халық партиясының басшысы Драупади Мурмуды атады, деп хабарлайды EL.KZ.

Азаттықтың мәліметінше, ол республиканың екінші әйел-президенті және әлеуметтік сатыда төмен тұрған тайпалардан шыққан алғашқы мемлекет басшысы атанды.

Мурму – елдің шығысындағы Одиша штатын мекендеген мунда халқының құрамындағы ірі сантал тайпасының өкілі. Қазіргі президент Рам Натх Ковинд құзыреті 24 шілдеде аяқталады. Мурму президент антын 25 шілдеде қабылдайды.

Мурму 64 жаста. Ол Үндістанның Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1947 жылдан кейін туған алғашқы президент атанады. Мурмудың ата-анасы болашақ президенттің есімін көне Махабхарата эпосындағы Драупади ханшайымның құрметіне орай қойған.

Мурму мұғалім болып істеген, 20 жылдан астам уақыт бұрын саясатқа араласа бастаған. Мурму Одиши үкіметінің кеңесшісі, штаттың көлік министрі қызметтерін атқарған, сонымен бірге жергілікті парламенттің мүшесі болған. 2015 жылы ол Джаркханд губернаторы қызметіне сайланған алғашқы әйел атанды.

EL.KZ
Бөлісу: