2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана күні мерекесі қарсаңында National Digital History (www.e-history.kz) интернет порталы жаңа желілік NDH DIGEST танымдық журналын қалың оқырманға таныстырды.
Журналдың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихын танымдық тұрғыдан, бүгінгі сарынға сай, жеңіл тілде жеткізу. Одан бөлек басылым заманауи тәсілдегі инфографика, сапалы суреттер және әсерлі дизайнымен ерекшеленеді. Алғашқы саны санаулы күн қалған айтулы мереке Астананың туған күніне орай «Бозоқтан Астанаға дейін» деген атаумен жарық көрді. «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Кочетовтің сөзінше, енді журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет оқырмандарға жол тартады. Сондай-ақ, ол журнал: «Әрбір атаулы дата мен тарихи оқиғаларды қамтып отыратын кең көлемді журнал болады» деп айтты. Электронды басылымның жалпы көлемі – 50 бет.
Ел сүйсінген Елордамыз 20 жылдың аясында әлем мойындағанымен қоймай, осы уақыт аралығында және бүгінгі күні Астана әлемдік тұрғыдағы айтулы оқиғалар орын алатын басты алаңға айналды. Басты шаһардың бағзы тарихына болсақ, түбі Бозоқтан бастау алатын Астананың өткені өте бай әрі терең екенін портал редакциясының тілшілері тың ізденістермен толықтырып отыр.
Жаңашыл журналда әсем Астананың тағылымды тарихымен қатар бүгінгі жарқын да жайлы өмірінен баян ететін тың мәліметтер, әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктер, инфографикалар жарияланды.
Редакция ұжымы тұсауы кесілген NDH DIGEST желілік журналы – болашақта терең тарихымыз бен тұғырлы тәуелсіздігімізді жырлайтын басты танымдық ақпарат құралы боларына сенімді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова