АҚШ-тағы федералдық тергеу аясында NBA ойыншысы Терри Розье спортқа заңсыз бәс тігу бабы бойынша тұтқындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Майами Хит» баскетбол клубының шабуылшысы Терри Розье жарақат алғанын сылтауратып, матч нәтижесіне тікелей әсер етті. Ойыннан кейін осы әрекеті үшін ол букмекерлік нарықты манипуляциялауға көмектесті деген күдікке ілінді.
Прокурордың мәліметінше, ол досына жарақат туралы алдын ала айтып, сол арқылы $200 000 астам сомаға бәс тігуін сұраған. Екі жыл бойы жарақат алмай келе жатқан Терри Розье ойынды небәрі 9 минутта аяқтады. Бұл букмекерлік кеңселерге мыңдаған доллар пайда әкелген.
Прокурор Джозеф Ночелла бұл оқиғаны «онлайн бәс тігудің заңдастырылуынан кейінгі ең өрескел спорттық жемқорлық әрекеттердің бірі» деп атады.
NBA болса баскетболшының бір жылға уақытша шеттетілгенін хабарлады. Дегенмен Розье 6 миллион доллар тұратын үйін кепілге қойып босатылды.