Назым Қызайбай ММА-де бағын сынап көргісі келеді

26 Маусым 2022, 03:43 1020

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлжелідегі парақшасында кәсіби ММА-де бағын сынап көргісі келетінін айтты, деп хабарлады El.kz

Назым Қызайбай оқырманының сұрағына «ММА-де бағымды сынап көргім келеді. Көреміз. Бәрін уақыт көрсетеді» деп жауап берді.

Айта кетейік, кейінгі әлем чемпионатында Назым Қызайбай жарысты ерте аяқтап, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Бөлісу: