Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына барады

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына барады

Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдама иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 2 дүркін әлем чемпионы, 50 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді.

Қазақ қызы үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.  

Айта кетейік, бұл Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы болмақ.