Назым Қызайбай лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты

Назым Қызайбай лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты

Бокстан Таиланда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 50 келіде сынға түсіп, 1/8 финалда британиялық Васанна Стаблиді 5:0 есебімен ұтты. Үшінші раундта Назым Васаннаны нокдаунға жіберді. Енді Олимпиада лицензиялық иелену үшін отандасымыз тағы бір жекпе-жекте жеңіске жетуі керек. 

Бүгін шаршы алаңға шыққан Валентина Хальзова да ширек финалға шыққан болатын. Бангкоктағы лицензиялық турнир Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы жарыс. Бұл сынға елімізден 6 боксшы аттанған болатын. Алайда олардың үшеуі жолдамадан тыс қалды.