«Нәзік әлем»: Елордада іскер және шығармашыл әйелдер бас қосты

3 Наурыз 2023, 17:17 1882

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Нәзік әлем» атты кездесу кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты - халықаралық әйелдер күнінде нәзік жанды Қазақстанның  қайраткер, іскер, шығармашыл зиялы әйелдерінің қоғамдағы рөлін көрсету, өмір және еңбек жолын, шығармаларын өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі ету болды.

Кеште түрлі салада үздік деп танылып жүрген ханымдар бас қосты. Журналист, тележүргізуші Айнұр Омар, композитор Айгүл Бажан, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы  Құқық қорғау органдары академиясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Калмурзина Зарина Жандарбековна, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова, журналист Жадыра Шамұратова, Қазақстан журналисті, журналист, Ikerim.kz сайтының бас редакторы, Qurbym shop брендінің авторы Қарашаш Есенбай, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, коллекционер-этнограф Баһаргүл Төлеген, ақын, Мақпал Мыса қатысты.

Кешке Астана қаласының тұрғындары, студенттер мен жастар қатысады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: