Назарбаев университетінің студенттері арасында қызылша жұқтырғандар көбейді

20 Қараша 2023, 14:29 798

Назарбаев университетінде қызылша жұқтырған студенттер қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы Назарбаев университетінде студенттер қызылша жұқтыра бастаған. Бүгінге дейін 13 студенттің дерегі тіркелді. Эпидемиялық ахуалға байланысты, университетте 40-тан аса студент бар топтарға онлайн оқуға рұқсат берілген.

Ал сырқаттанғандардың барлығы дер кезінде медициналық көмек алып, емделіп жатқаны белгілі болды.

Оқу орнында студенттердің қатысуымен өтетін ауқымды іс-шаралар тоқтатылды. Баспасөз қызметі аурудың жаңа жағдайларының болмауына байланысты 20 қарашадан бастап барлық сабақтар, оның ішінде алдағы емтихандар да офлайн режимде болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, елімізде қызылшамен ауырып жатқан науқастардың көбейіп жатқаны белгілі. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация және ошақтарда 30 жасқа дейін егілмеген байланыста болған адамдарды вакцинациялау жалғасуда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: