Назарбаев Университетінің президенті отставкаға кетеді

29 Мамыр 2023, 10:14 1111

Назарбаев Университеті президент Шигео Катсудың 2023 жылдың 15 маусымынан бастап отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Университет мәліметінше, Катсу бұл қызметті 13 жылға жуық атқарып, өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдаған.

Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіреді. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді, - делінген мәліметте.

Президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосады. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.

Жаңа адам тағайындалғанға дейін университет президенті міндетін провост Илесанми Адесида атқаратын болады. Ол Назарбаев Университетінің провосты қызметін 2016 жылдың қазан айынан бастап атқарды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: