Найзағай, жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

4 Шілде 2023, 10:44 1105

Қазгидромет ел аумағында 4 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта - бұршақ, түнде және таңертең солтүстікте тұман болады деп күтілуде.

«Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Равиль Ашығали
Бөлісу: