Найзағай, жаңбыр: 25 мамырда барлық өңірде жел күшейеді

25 Мамыр 2023, 04:08 906

25 мамырда елдің бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес,  атмосфералық бөліктердің өтуі себепті елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтілуде. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.  

Ал  Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Берік Арманов
Бөлісу: