Найзағай, өрт қаупі: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы

Найзағай, өрт қаупі: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды қ.: 6 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: таңертең және күндіз найзағай, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 6 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 6 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20, 7-8 мамырда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Тараз қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 6 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астана қ.: жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.