Найзағай, өрт қаупі: 19 тамызға арналған ауа райы болжамы

19 Тамыз, 04:27 501

«Қазгидромет» 19 тамызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытка ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде найзағай ойнайды.

Қонаев қаласында түнде жел солтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, екпіні 18-23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семейқаласында түнде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскеменде найзағай ойнайды.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде және солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19-21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістанда 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

2024 жылдың 18-19 тамызында аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі ықтимал, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

2024 жылдың 17-19 тамыз аралығында қатты жаңбыр жауу болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Зарина Арман
Бөлісу: