Найзағай, бұршақ: еліміздің оңтүстігінде ауа райы күрт өзгереді

3 Сәуір, 17:18 854

Қазақстан бойынша 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының көтерілуі күтіледі.

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 15-20 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады.

Еліміздің қалған аумағында фронтальді бөлімдердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) күтіледі, 6 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: